- Басты
- Жаңалықтар
- Ж. Қасымбек: 2015 жылға дейін азаматтық авиация туралы заңды жасақтау жоспарлануда
Ж. Қасымбек: 2015 жылға дейін азаматтық авиация туралы заңды жасақтау жоспарлануда
«Қазақстанда 2015 жылға дейін азаматтық авиация туралы заңды жасақтау жоспарлануда. Азаматтық авиацияның дамуында ішкі нарықта жұмыс істейтін қазақстандық әуекомпанияларды тигізер пайдасы да зор. Алдын ала болжам бойынша аталмыш заң 2015 жылдың 3-4 тоқсанда жұмыс істей бастайды», - деді Ж. Қасымбек.
Сонымен қатар, министр ұшу-қону алаңдарын, инфрақұрылымдарды дамыту маңызды мәселелердің бірі екенін тілге тиек етті.
«ҚР-да жұмыс жасайтын 18 республикалық және облыстық маңызы бар әуежайлардың 13-інде ұшу-қону алаңдарында (ҰҚА) реконструкция өткізілді. Бұған қоса, биылғы жылы осындай жұмыстар Орал және Петропавл әуежайларында жүргізу жоспарлануда. Ал 2017 жылдың аяғына дейін қалған 3 әуежай, яғни Семей, Қостанай және Өскеменде реконструкция жұмыстары жүргізіледі» - деді Ж. Қасымбек.
Сонымен бірге, Қазақстанда ұшқыштарды даярлау мақсатында БжҒМ ағымдағы жылы 8 оқыту ұшақтарын сатып алуы қарастырылды, ал 2017 жылға дейін тренажерлік кешен мен ұшу аэродромын салу көзделген.
«Бұдан тыс, 2013 жылы аталған Академияның базасында ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Орта Азиядағы жалғыз субрегионалдық оқыту орталығы құрылды, бүкіл сала бойынша мамандар біліктілігін жетілдіру жөніндегі салалық орталық құру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде», - деді министр.
Мадина Нұрбекова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды