- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: «Эйр Астанадан» Еуропаға ұшу шектеулері алынып тасталды
Ж.Қасымбек: «Эйр Астанадан» Еуропаға ұшу шектеулері алынып тасталды
17 Маусым, 2014 16:03
«Эйр Астана» әуе компаниясына биылғы жылдың сәуір айынан бастап Еуропаға ұшу шектелмейтін болды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек.
«Эйр Астана» әуе компаниясына биылғы жылдың сәуір айынан бастап Еуропаға ұшу шектелмейтін болды. Біз 18 мекеменің сертификатын қайтарып алдық. Қазір де нарықта олардың 42-сі жұмыс істеуде. Негізінен ауыл шаруашылығы авиациясында жұмыс істейтін компаниялар», - дейді министр.
Оның айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында ИКАО-ға (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) аудит жүргізілді. Жалпы, жұмыстардан оң үрдіс байқалады.
«Аудит жүргізілгендердің 65 пайызы ИКАО талаптарына сай келеді. Алдағы екі ай көлемінде қазақстандық компанияларды шектеуді алып тастау туралы шешім шығарылады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, ИКАО-ның қосымша ұсыныстары да жоқ емес. Олар заңнаманы жетілдіруге қатысты», - дейді министр.
Мадина Нұрбекова
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау