Қазақстанның мемлекеттік бюджет табысы 17,5%-ға өсті - Б. Сұлтанов

17 Маусым, 2014 15:47
Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, 2014 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджеттің табысы 17, 5 %-ға өсті деп мәлімдеді.

«Табыс бойынша барлық бюджет дейгейінде жоспар орындалды. Мемлекеттік бюджеттің табысы 3 088 млрд. теңгені немесе жоспардың 104,5% құрады. Республикалық бюджеттің табысы да асып жығылды. Дәлірек айтсақ, 2,2%-ға асыра орындалып, 2 546 млрд. теңгеге жетті», - деді Б. Сұлтанов.

Сонымен қатар ол: «2014 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджеттің табысы өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға артып, 461 млрд. теңгені көрсетті», деп толықтырды.

Айта кетерлік жайт, табыстың артуына Ұлттық қордан 350 млрд. теңге көлемінде трансферт тарту әсер етті. Бұдан басқа, темекі және алкоголді ішімдіктерге акциздің, экспорттық кедендік баж салағының, көлік пен мүлік салығының артуы да оң нәтиже берді.

«Көрсетілген салық түрлері бойынша қазынаға 11 млрд теңге түсті, оның басым бөлігі ЭКБ салығының есебінен болды. Ал, республикалық бюджеттің тапшылығы 150,3 млрд. теңгені құрады», - деп министр түйіндеді.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар