2017 жылы Астанада жан басына шаққандағы ЖӨӨ 30 мың АҚШ долларын құрайды

17 Маусым, 2014 19:42
2017 жылға қарай Астанада жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 30 мың АҚШ долларын құрайды, деп қалалық әкімдікте хабарлады.

«Жолдауға сәйкес, 2050 жылға қарай ел бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 4,5 есеге - 13 мыңнан 60 мың долларға дейін артуы тиіс. Астанада 2017 жылға қарай бұл көрсеткіш 4,7 млн. теңгеден немесе 30 мың доллардан асады», - делінген хабарламада.

Осының барлығы ЖӨӨ жыл сайынғы 7% өсімімен өзара тікелей байланысты, оны елордада шағын және орта бизнес, құрылыс және өнеркәсіп сынды негізгі секторлар қалыптастырады.

 

Барлық жаңалықтар