Астананың ЖӨӨ Еуроодақ елдерімен деңгейлес

17 Маусым, 2014 13:21
Астананың Жалпы өңірлік өнімі Еуроодақ елдерінің деңгейімен қатарлас болып келеді.

 «Осы уақыт аралығында Астананың сыртқы тауар айналымы шамамен 10 млрд теңгеге жетіп, 30 есеге өсті. КО ескере отырып, 2013 жылдың өзінде сыртқы тауар айналымы 36 есеге өсіп, 2 млрд долларға жетті», - деп жазылған хабарламада.

Астананың ЖӨӨ Еуроодақ елдерінің деңгейімен шамалас көрінеді.

«1998 жылдан бері Астанның жалпы өңірлік өнімі 711 млн доллардан 18 млрд долларға дейін көтерілді. Кісі басына шаққанда бұл 23 мың доллардан тиеді. Бұл өз кезегінде Еуроодақ елдерінің көрсеткішімен шамалас», - делінген хабарламада.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жылына 480 млн-нан 4 млрд долларға дейін өскен. Бөлшек сауда көлемі 147 млн-нан 3 млрд-қа жетті.

Жалпы, осы жылдар аралығында қала экономикасына шамамен 30 млрд доллар инвестиция салынды.

 

Барлық жаңалықтар