- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Қаппаров АҚШ президентінің арнайы көмекшісімен кездесті
Н. Қаппаров АҚШ президентінің арнайы көмекшісімен кездесті
Кездесу барысында екі елдің арасында «жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмеге дайындық барысы мен оны өткізу мәселелері бойынша ой бөлісті, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.
Нұрлан Қаппаров еліміздің «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты дамыған елдермен тәжірибе алмасу мен «жасыл» технологиялар трансфертіне, сондай-ақ инвестициялар тарту арқылы Орталық Азия елдерінде су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін жеткізді.
Осы орайда ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөнінде баяндады.
Н. Қаппаров Америка Құрама Штаттарын осы бағытта ынтымақтастықты нығайтып, «Жасыл көпір» бағдарламасына қатысушы елдер қатарына қосылуға шақырды.
Өз кезегінде Селесте Уолландер АҚШ-ның Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуін қолдайтындығын, сондай-ақ, осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады