- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» жұмыс істегелі 7,5 млрд доллар қаражат АӨК-ні қолдауға бағытталды
«ҚазАгро» жұмыс істегелі 7,5 млрд доллар қаражат АӨК-ні қолдауға бағытталды
Бүгін Қазақстанның бірінші Агроөндірістік инвестициялық форум аясында «ҚазАгро» ҰБХ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Махажанов, «ҚазАгро» холдингі қазіргі таңда ұзақмерзімге жеңілдікпен қаржыландыру арқылы АӨК-ге қолдау көрсетуде шешуші роль атқарады, деп ағынан жарылды.
«2013 жылға дейін «ҚазАгро» қорландырудың негізгі көзі болып келді. Кейін біз халықаралық капиталдан инвестиция тарту керек екендігін түсіндік», - деп Д. Махажанов атап өтті.
Сонымен, холдингтің мәліметі бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі қызмет жылдары Агроөндірістік кешенге қолдау көрсету мақсатында 6,5 млрд евродан астам немесе 7,5 млрд доллардан астам қаражатты бағыттады.
АӨК қолдау көрсетудің негізгі құралы несиелік-инвестициялық қызмет болып табылады. Компанияның несие қоржынының жиынтық көлемі өткен жылы 1,8 млрд еуроны құрады. Бұл АӨК несиелендірудің жалпы көлемінің 48%.
«Ernst & Young» британдық аудиторлық-консалтингті компанияның мәліметіне сүйенсек, Қазақстан соңғы жылдары экономиканың тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Дәл осылай жалғаса беретін болса ол 2015 жылы әлемде жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің үштігіне кіреді. 2012 жылы Қазақстанның экономикасына 10,6 млрд. еуро инвестицияланды. Дәл осы жылы Қазақстан ТМД елдерінде Ресейден кейінгі 2-ші орынға жайғасты.
Мадина Нұрбекова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді