- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтарын тереңдетуге ниетті
Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтарын тереңдетуге ниетті
Тараптар өңірдегі елдердің қауіпсіздігі мен жалпы таратпаудың жаһандық жүйесін барынша нығайтатын, ү.ж. 6 мамырда Нью-Йоркте қол қойылған «ядролық бестік» елдерінің Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аумаққа мүше елдерге кері кепілі туралы Хаттаманың тезірек күшіне ену маңызын атап өтті, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Сұхбаттасушылар, сондай-ақ, Стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия мен Энергетика саласындағы әріптестік жөніндегі бірлескен комиссия сияқты қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың даму құрылымдарының табысты жұмыстарын атап өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды элементі болып табылады. Б.Обаманың көмекшісі Бурабайдағы ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші толық отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаев жариялаған инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар пакеті туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.
С.Уолландер Б.Обама Әкімшілігі АҚШ-тың іскер топтарын инвестициялық тұрғыдан да, ЭКСПО-2017 сияқты жобаларға қатысу үшін де Қазақстанмен ынтымақтастыққа тарту бойынша олармен тығыз жұмыс жасайтынын растады.
Тараптар қазақстандық-америкалық әріптестіктің барлық бағыттарын нығайту және кеңейту жұмыстарын одан әрі жалғастыра беруге келісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды