- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның экспорттық бидай шаруашылығы өзіндік орынға ие болды – ҚазАгро
Қазақстанның экспорттық бидай шаруашылығы өзіндік орынға ие болды – ҚазАгро
«Қазақстанның экспорттық бидай шаруашылығында әлемдік көшбасшылар қатарында өзіндік орны бар. Бұның барлығы табиғи-климаттық жағдайлар мен еліміздің кең байтақ жер ресурсының арқасында», - дейді Д.Махажанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, соңғы жылдары дәстүрлі егістік шаруашылығынан бөлек елімізде мал шаруашылығы да кеңінен етек жаюда.
«Мал шаруашылығының болашағы еліміздегі егін шаруашылығынан да үлкен екенін айтуға болады, олай дейтініміз, біздің жерімізде егістік аймақтардан гөрі жайылымдық жерлердің көп екені анық. Соңғы бес жылда бидай өндірісі 10 млн тоннадан 19 млн тоннаға артып, соның 7,5 млн тоннасы экспортталды. Соның ішінде 2,3 млн тоннасы дайын ұн түрінде сыртқа сатылды», - дейді «ҚазАгро» Ұлттық холдингі басқарма төрағасы орынбасары.
Оның айтуынша, Үкімет тарапынан қазірде отандық шаруаларға өнімділік деңгейін арттыруа көмектесу мақсатында егістік пен мал шаруашылығын сақтандыру жүйесі дайындалуда.
Сонымен қатар, бүгінде экспорт пен транспорттық логистиканы дамыту шаралары қабылдануда.
«Өздеріңізге де белгілі, Қазақстан барынша тұйық мемлекет. Еліміздің мұхитқа шығатын мүмкіндігінің жоқ екені белгілі. Біздің дәстүрлі нарығымыздың оңтүстікте екені де анық. Осы орайда біз экспорт көлемін арттыру үшін шаруалардың өз өнімдерін өздері сатуына мүмкіндік беруіміз керек», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, қазірге дейін Каспий теңізі арқылы бидай тасымалдайтын терминалдар жасалынған.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары