Алматыда 48 мың бүлдіршін балабақшаға кезекте тұр

23 Қыркүйек, 2013 06:00
Оңтүстік астанада бір жылдың ішінде балабақша саны 18-ге дейін көбейді. Соған қарамастан 48 мың бүлдіршін мектепке дейінгі білім беру орнына кезекте тұр. Бұл жайлы жыл сайынғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Алматы қалалық білім беру басқармасының бастығы Рахат Шимашева мәлімдеді.

«Мектепке дейінгі барлық білім ордаларында сапалы білім берілуі керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Және де мектепке дейінгі балалардың 100% балабақшаға орналасуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жүйенің дамуы бүгінде жаңадан мемлекеттік балабақшалар ашумен, жалға берілген ғимараттарды қайтарып алумен және де жекеменшік балабақшалар ашумен жүзеге асып жатыр. 2012 жылмен салыстырғанда балабақшалар желісі 18-ге, ал балабақшаға баратын бүлдіршіндер саны 1018-ге өсті»,- дейді Р.Шимашева.

 

 

 

Барлық жаңалықтар