- Басты
- Жаңалықтар
- 19 маусымда NIF$50K инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы ашылады
19 маусымда NIF$50K инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы ашылады
«Инновациялық автобус» маусымның 23 мен шілденің 16 аралығында республиканың барлық өңірін аралап шығады. Қызықты, әрі перспективасы бар бизнес идеялардың авторлары облыс орталықтарына келіп конкурсқа құжат тапсыруға мүмкіндіктері бар, деп «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-да хабарлады.
Байқауға жобаларын ақпараттық қолдау, қаржыландыру тұрғысынан қиыншылықтар көріп жүрген, олардың іске асуына мүдделі идеяны дайындаушылар және оның иелері (жеке тұлғалар) қатыса алады. Іріктеу кезінде жобаның жаңашылдығы және инновациялылығына,тәжірибелік нұсқасының болуы, коммерциялық әлеуеті мен іске асыру мүмкіндігі, өзектілігіне назар аударылады.
NIF$50K конкурсына қатысу бойынша жергілікті кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында ақпарат алуға болады. Өтінімдер үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейіносы орталықтарда және www.natd.gov.kz сайтында онлайн қабылданады.
Байқау шартына сәйкес, келіп түскен барлық өтініштен 15 үздік жоба таңдалып алынады. Бұл жобалардың авторлары бірден телешоу қатысушысы атанады. Ал, өз тарапынан, ұйымдастырушылар аталған жобалардың жүзеге асуына күш салмақ.
Байқау жеңімпазы - 7,5 млн. теңге, ал, 2 және 3 орын иегерлері – 2,5 және 1 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болады.
Өткен жылы NIF$50K республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының бірінші жүлдесін және 7 500 000 теңге көлеміндегі қаржылай грантты Талдықорған қаласының тұрғыны, «Аймақтардағы су көтергіш құрал» жобасының авторы Мырзахмет Тюлеев жеңіп алды. Су көтергіш бұл құрал электр энергиясын тұтынбай-ақ, өзен жағалауындағы аймақтарды суаруға арналған.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты