- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Агроөндірістік инвестициялық форум өз жұмысын бастады
Астанада Агроөндірістік инвестициялық форум өз жұмысын бастады
«Меніңше, бұл Қазақстанның жаһандық ауыл шаруашылығы мен жақын арадағы жылдардағы әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Біз ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс өсіп отырғандығын көрдік. Ол сұранысты қамтамасыз ету үшін бізге бірқатар мердігерлерді табу қажет. Қазақстан бұл үрдісті жүзеге асыру үшін қолайлы географиялық аймақта орналасқан», - деді Informa Agra сараптамалық департаментінің басшысы Д-р Алан Бульон.
Айта кетерлігі, шараны «ҚазАгро» холдингі мен британдық Adam Smith Conferences ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
«Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әлемдегі әрбір елдің мемлекеттік бағдарламасы мен саясатының маңызды бір бөлігіне айналып отыр. Қазіргі таңда әлемдегі адам санының арту қарқыны азық-түлік өндірісінің өсу қарқынынан бір жарым есе артық. Осы орайда күн санап тапшылық та байқалуда. Осы сынды мәселелерді шешу үшін «ҚазАгро» аталмыш форумды құрып отыр», - дейді «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Махажанов.
Айта кету керек, қазіргі таңда холдинг Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы жобаларына қатысу мен инвестиция тарту бойынша 30 трансұлттық агроөнеркәсіптік компаниялармен жұмыс жүргізуде.
Осылайша, қазақстандық холдингпен ынтымақтастық орнатқысы келген компаниялар Агроөндірістік инвестициялық форумға қатысуда. Шара 2014 жылдың 18 маусымына дейін жалғасады.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген