- Басты
- Жаңалықтар
- Қала күніне орай «Астана - Арқау» түркі музыкасының фестивалі өтеді
Қала күніне орай «Астана - Арқау» түркі музыкасының фестивалі өтеді
«Астана - Арқау» түркі музыкасы фестивалі түркі халықтарының мәдени ықпалдасуы үдерісінде өз үлесін алған танымал музыкалық оқиға ретінде кеңінен танымал. Соңғы алты жыл ішінде фестивальға барша түркі халықтарының музыкалық мұрасын жалғастырған 450 музыкант пен ғалым қатысты. Ал тұрақты қатысушылар қатарында әлемнің ондаған елдерінен келген жеке орынлаушылар, аспапшылар мен зерттеушілер бар. Осындай кең ауқымда және тұрақты түрде өтетін түркі ұлттарының музыкалық мұрасына арналған мәдени шара тек Астанада ғана ұйымдастырылатынын атап өту ләзім, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.
Биылғы «Астана-Арқау» фестивалінде көрермендер музыкалық көне туындылармен қауышып, талантты әртістер және танымал қонақтармен жүздесе алады. Үш күн қатарынан «Астана Опера» камералық залының сахнасында Қалмықия, Чуваш, Алтай, Башқұртстан, Якутия, Тыва, Дағыстан, Татарстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Монғолия, Түрікменстан, Түркия және Қазақстан музыкалық дәстүрінің мұрагерлері өнер көрсетеді.
Қалмақ ұлттық төл қойылымдарымен және толықметражды спектакльдерімен аты шыққан «Ойраты» (Қалмықия) мемлекеттік би театры концерттік бағдарламаға қатысатынын жеткізді. Театр репертуарына аң қимылдарын дәлме-дәл ұқсата қайталайтын ғасырдан-ғасырға жеткен сирек тұснұсқалық би стилі енгізілген.
Шақырылған қонақтардың ішінде қырғыз ұлттық комуз аспабын жетік меңгерген, Қырғызстан Еңбек сіңірген әртісі Бахыт Шотенов бар. Музыкант ұлттық үш ішекті комуз аспабын шебер меңгергендіктен және ұлтық әндерді еліте нақышына келтіре орындау арқылы көпке танылды.
Фестивальдің келесі қонақтары - түркі елдерінің бұлғар тобының жалғыз өкілдері әрі сирек ұлттық мұра сақтаушылары, түркі халықтарының халқы аз Чуваш елінің азаматтары Николай Эриванов, Зинаида Думилина, Ольга Туринцева.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді