- Басты
- Жаңалықтар
- Астана арқылы ел жетістіктері көрініс табуда – М.Ысқақов
Астана арқылы ел жетістіктері көрініс табуда – М.Ысқақов
«Биыл еліміздің ордасына 16 жыл толады. 16 жылда біздің мемлекет айтарлықтай жетістікке жетіп, әбден аяққа тұрып кетті десек артық айтқандық болмас еді. Еуразиялық кеңістікте біздің ел ойып тұрып өз орнын ала білді. Біздің елдің қуаттылығы бүгінгі таңдағы Астананың қарқынды гүлденуімен өлшенсе керек, қуатты мемлекеттің елордасы да қуатты болмақ. Шаһарымыз заман көшінен қалмай, әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтарды өзінің жетістіктерімен тәнті етуі керек. Біз қаламыздың даму қарқыны мен жалпы мемлекеттің қуатына қарап өзге елдердің алдында мақтан тұтуымыз керек. Астанамыз оған әбден лайық», - деді ол.
Сонымен қатар, М.Ысқақовтың айтуынша, мереке күндері Астанада төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ТЖД күшейтілген қызметпен жұмыс істейді.
«Бізде үнемі аталмыш шаралар алдын ала ұйымдастырылады, қонақтар қайда орналасады, бұқаралық шаралардың өтетін орны, біз барлық жерде өзіміздің техникамызды шығарып, дер кезінде көмек көрсетуге дайынбыз. Алдын ала туу мүмкін оқиғаларды да ескертіп отырамыз», - деді М. Ысқақов.
Астаналық ТЖД бастығы қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, Елбасының қала дамуына қосқан үлесін атап өтті.
«Мен, барлық астаналықтар мен қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтаймын. Біз Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бүгінгі жетістігімізге қол жеткіздік. Біз алдымызда Астананы дамыту бойынша көптеген жоспардың бар екенін білеміз, оны көзімізбен көріп те келеміз. Жас ұрпақ елордамызды дамытуға өз өнерін, білімін, біліктілігі мен идеясын салады деп ойлаймын», - деп генерал-майор түйіндеді.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері