- Басты
- Жаңалықтар
- Бас прокуратура: 2013 жылғы қылмыстардан келген шығын көлемі 220 млрд теңгені құрады
Бас прокуратура: 2013 жылғы қылмыстардан келген шығын көлемі 220 млрд теңгені құрады
«Қарқынды экономикалық даму кезінде экономикалық қауіпсіздікті сақтау бірінші кезекте құзіретті органдарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда Мемлекет басшысы экономикалық қауіпсіздікті дамыған және тұрақты экономикалық қоғамды құрудың басты факторы ретінде көрсетіп отыр. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің басты аспектісі экономикалық қылмысқа қарсы тұру мен оған қарсы күресті қолға алу болып табылады», - дейді А.Дауылбаев.
Бас прокуратура мен Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірлескен сараптамасының нәтижесі бойынша, құзіретті органдар экономика саласындағы жемқорлықты анықтау мен жолын кесу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, соңғы үш жылда экономикалық қылмысты анықтаудың тұрақты деңгейі байқалуда. «2013 жылы 7165 заң бұзушылық тіркелсе, соның ішінде 83%-ы қаржы полициясы органдары тарапынан анықталған. Ал 712 қылмыс ішкі істер органдары тарапынан анықталған. Осынау қылмыстардан келген шығынның қаржылық құны 220,9 млрд теңгені құрады. Соның 102,9 млрд теңгесі қайтарылды», - дейді бас прокурор.
А.Дауылбаевтың айтуынша, құқық қорғау және түзету мекемелерінің өзара келісім қызмет етуі мен үйлеструі деңгейінің жеткілікті болуы жұмыстың жемісті болуына тікелей әсер етпек.
Сонымен қатар, үйлестіру кеңесінің отырысында қаржылық құқық бұзушылық пен салықтық және қаржылық-несиелік саладағы қылмыстардың көзін анықтауға қатысты мәселелер айтылды.
Отырыс жұмысына үйлестіру кеңесінің мүшелері – құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, ҚР Премьер-Министрі канцеляриясы қызметкерлері мен Ұлттық банк пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілдері қатысты.
Камила Амирова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді