- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарай қазақстандық түлектердің саны артады
2020 жылға қарай қазақстандық түлектердің саны артады
«Жалпы, биыл ҰБТ ұйымдастыру жоғары дәрежеде өтті. Ал, тестілеуге қатысушылардың аздығы ол бірінші кезекте демографиялық ахуалмен байланысты. 2014 жылы мектепті 133 мың түлек тәмамдаса, 2013 жылы оларды саны 139 мың болған. Демек, мектеп бітірушілердің саны 6 мыңға азайған. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша бұл тенденция алдағы 3-5 жыл бойы жалғасады», - деді министр.
Сонымен қатар, ол бүгінде білім ошағын 2000 жылға дейін салынған мектептердің түлектері тәмамдауда, деп атап өтті.
«2000 жылдың басында басталған демографиялық өсім мектеп бітірушілерге де жетті. 2019 -2020 жылдардан бастап бізде түлектердің саны арта бастайды», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, бұл ақпарат жоғарғы оқу орындары үшін өте маңызды. Себебі, демографиялық өсім мен төмендеуді бірінші кезекте олар сезетін болады.
Сондай-ақ, министр ҰБТ нәтижесі халықтың табысына да байланысты, деп атап өтті.
«ҰБТ табысы халықтың табысына байланысты. Егер, жергілікті жұрттың табысы мен ҰБТ нәтижесі бойынша кесте түзетін болсақ Астана мен Алматы көш басында. Айта кертерлік жайт, бұл тенденция жалғасып та келеді», - деп А. Сәрінжіпов түйді.
Мадина Нұрбекова
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді