• Басты
  • Жаңалықтар
  • Соңғы үш жылда қазақстандық түлектер техникалық пәндерді таңдауда – ҚР БҒМ

Соңғы үш жылда қазақстандық түлектер техникалық пәндерді таңдауда – ҚР БҒМ

16 Маусым, 2014 15:57
Соңғы үш жылда қазақстандық түлектер техникалық пәндерді таңдауда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «ҰБТ-2014 қорытындысы» брифингінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

«Соңғы үш жылда таңдау пәндерінің ішінде физика мен биологияны таңдаушы түлектердің саны артып келеді. Талапкерлердің техникалық пәнге деген қызығушылықтарының артуы қуанышты-ақ. Бұл дегеніңіз аз уақыттың ішінде елімізде жаратылыстану бағытындағы мамандардың көбейетініне дәлел», - дейді министр.

Оның айтуынша, түлектердің шамамен 30%-ы биология мен физиканы таңдайтын көрінеді.

Министрдің айтуынша, соңғы уақыттарда қазақстандық мектептер «Алтын белгіге» үміткер оқушыларға көптеп көңіл аударуда. Сәрінжіповтың сөзіне сүйенсек, биыл аталмыш белгіні қорғап шыққан талапкерлер саны 8%-ға артқан.

«Биылғы жылдың қорытындысына қарайтын болсақ, мектептер «Алтын белгі» үміткерлеріне ерекше жағдай жасап, көбірек көңіл аударуда. Нәтижесінде белгіні қорғап шыққан оқушылар саны да артуда. Жалпы, үміткерлер саны 4500-ден 4300-ге дейін азайды», - деді ол.  

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар