ҰБТ-ның орташа баллы өткен жылмен салыстырғанда 2,4-ке артты - А. Сәрінжіпов

16 Маусым, 2014 15:38
Қазақстанда 2014 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің максималды ұпайы 125 баллды 4 адам жинады. Бұл туралы ҰБТ-ның қорытындысына арналған ОКҚ-нің брифингінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Үстіміздегі жылы 87600 бітіруші немесе олардың 95% ҰБТ тапсырды. Жүз баллдан жоғары нәтижені 13100 талапкер немесе 15% көрсетті. Айта кетерлік жайт,  бұл салада өсім бар. Өткен жылы жүзден жоғары балл жинағандар 12% құраса, ол бүгінде 3%-ға артқан», - деді министр.

Оның айтуынша, максималды 125 ұпайды 4 оқушы иеленсе, 402 сұрақ бойынша апелляцию берілген. Бүгінде оның 64 қанағаттандырылды.

«Ал, сынақтан өту 50 баллды 20200 талапкер немесе 23% жинай алмаған. Бұл салада да оң көрсеткіш бар десек болады. Өткен жылы өту балын  27,5 мың оқушы немесе 28% жинай алмаған. Демек, көрсеткіш 5%-ға жақсарды», - деді А. Сәрінжіпов.

Жалпы, онын хабарлауынша республикамызда орташа балл 2, 4 баллға артты.

«Бұл көрсеткішті біз ҰБТ-ға дайындықтың жақсарғанынының дәлелі ретінде қарастырудамыз. Егер, өткен жылы орташа балл 74,5 баллды құраса, биыл ол еліміз бойынша 76,9-ға жетті», - деп ол атап өтті.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар