• Басты
  • Жаңалықтар
  • АӨСШК мүше мемлекеттердің барлығы жаңа Азияның құрылысына атсалысуға әзір – СІМ

АӨСШК мүше мемлекеттердің барлығы жаңа Азияның құрылысына атсалысуға әзір – СІМ

16 Маусым, 2014 13:02
Шанхай Симмитінің қорытындысы бойынша саяси Декларация қабылданды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті.

«Шанхай самитінің қорытындысы бойынша өзара сенім мен ынтымақтастық диалогы нығая түсті. Осы ретте, «Жаңа Азия, тұрақтылық пен ынтымақтастық  үшін диологты, сенім мен үйлестіруді нығайту» атты саяси Декларация қабылданды», - деді Е. Ашықбаев.

Сонымен қатар, Е. Ашықбаев  келелі кеңеске қатысушы мемлекеттердің барлығы елдер арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге сүйене отырып нығайтуда бірлесіп жұмыс істеу керек екеніндігін атап өткенін тілге тиек етті.

«Бұл негіздеменің ролі зор. Себебі, Азия әрқашан экономикалық өсімнің драйвері болған», - деп ол толықтырды.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар