• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның халықаралық туризм нарығына ену мүмкіндігі мол – Ә.Исекешев

Қазақстанның халықаралық туризм нарығына ену мүмкіндігі мол – Ә.Исекешев

16 Маусым, 2014 10:58
Қазақстанның халықаралық туризм нарығына ену мүмкіндігі мол, деп мәлімдеді бүгін Мәжілістегі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуға арналған Үкіметтік сағатта Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

«Бүгінгі таңда әлемдік экономикада туризм саласы үлкен маңызға ие. Әрбір 11-інші жұмыс орны туризм саласына тиесілі. Әлемдік ЖІӨ көлеміндегі туризм үлесі 9%-дан 10%-ға дейін көбеюде. Халықаралық туристік сапарлар көлемі де жыл санап артып, 2013 жылы 1 млрд адамнан асты», - дейді министр.

Сонымен қатар, оның айутынша, туризм саласы аралас салаларды дамытудың алғышартын құруда, әсіресе соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласында.

Оның айтуынша, бірқатар түйінді мәселелердің бары да жасырын емес. Атап айтар бослақ, туристік қызметтердің қымбаттылығы, инфрақұрылым мен сервис дамуының жеткіліксіз деңгейі, миграциялық қағазбастылықтың визалық күрделі жүйесі мен өзге де мәселелер.

«Дегенмен, Қазақстанның халықаралық туризм нарығына ену мүмкіндігі жеткілікті», - дейді Әсет Исекешев.

Халықаралық тәжірибеге сай, туристік сала бастапқы кезеңде мемлекеттік қолдауымен даму қарқынына қол жеткізеді. Соның ішінде заңнамалық және қаржылық тұрғыдан да.

«Мысалға, БАӘ, Түркия секілді мемлекеттерде үкіметтің көмегі үлкен болды. БАӘ-де жұмыспен қамту жағының өзін алып қарайтын болсақ, 10 жыл ішінде 100 мыңнан 400 мыңға дейін артты. Және де Үкімет инфрақұрылымды дамыту үшін 150 млрд доллардан артық қаражат құйды», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі 2020 жылға дейін туризм саласын дамытудың тұжырымдамасын мақұлдады.

«Тұжырымдама бойынша ұзақмерзімді негізде елдің 5 туристік кластерін дамыту қарастырылған:  Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік және Батыс Қазақстан агломерациясы»,- дейді министр.

Барлық жаңалықтар