Қазалыда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 24,5 млн теңгеге несие рәсімделді

16 Маусым, 2014 10:03
2014 жылы Қазалы ауданының бірнеше шаруа қожалығы Қызылорда облысындағы «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ бөлімшесі арқылы несие алды.

Қызылорда облыстық әкімдігінің хабарлауынша, өңір шаруалары жалпы құны 24,5 млн теңге несие алып, оған 110 сиыр мен 6 бұқа сатып алған.

Сонымен қатар, шаруалар өз қаражаттары есебінен де мал бастарын көбейтуде.

Тағы бір шаруа қожалығы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 8,5 млн теңгенің несиесін рәсімдеді.

Барлық жаңалықтар