Қазақстанның тасымалдаушылары ЕАЭО-ның Кедендік кодексін талқылады

15 Маусым, 2014 14:34
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аймақтық палаталарымен бірлесіп ЕАЭО-тың Кедендік кодексін талқылауға арналған видоеконференция іспетті дөңгелек үстел өткізді. Шараға Кедендік бақылау комитенінің, салалық қауымдастықтар мен көлік компанияларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел қазақстандық көлік қызметкерлерінің ЕАЭО-тың КК  жобасын жасақтауда мүддесін барынша қорғауға бағытталды, деп ҰКП ресми порталы хабарлады.

Видеоконференцияда ЕАЭО-тың КК жобасының негіздері жан-жақты қарастырылған баяндамасын ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры  Н.Сукуров оқыды. Онда транзит, тауарларды тасымалдау және кіргізу, алдын ала ақпарат беру, халықаралық жүк тасымалын жүргізу, жолаушылар мен олардың жүгін тасымалдау мәселелері бүге-шүгесіне дейін  айтылды.

Сонымен қатар, келелі кеңеске қатысушылар Аймақтық палаталарға осы тақырып төңірегінде жергілікті кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып,  түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, олардың пікірлерін білуді және шешімі көп күттірмейтін мәселелерді жинақтап ҰКП орталыығына жіберуді ұсынды. 

Барлық жаңалықтар