Ақтөбе облысында туризмді дамыту болашағы талқыланды

15 Маусым, 2014 14:08
Ақтөбеде «ITFA 2014: Туризм. Саяхат. Спорт» халықаралық XI туристік көрме аясында «Қазақстан Республикасының туризмі және оның болашағы» тақырыбымен семинар өтті.

Семинардың жұмысына ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан  облыстары әкімдіктерінің өкілдері, кәсіпкерлер және тағы басқалар қатысты. 

Кездесу барысында еліміздегі туризмнің бүгінгі жағдайы, проблемалары, ішкі туризмнің даму барысы, мемлекеттік қолдау көрсету шаралары, білікті мамандарды даярлау сынды бірқатар маңызды мәселелер талқыланды, деп ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен Ақтөбе облысының туристерге арналған ақпараттық порталын құру жоспарлануда», - деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев атап өтті.

Бүгінде Ақтөбе облысында туризмді дамыту бойынша Шеберлік-жоспар жасақталды. Ол аймақтың туристерге қолайлы өңір ретінде имиджін қалыптастыруға, туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат жасақтауға бағытталған. 

Барлық жаңалықтар