Қызылордалық «жасылелдіктер» көлікпен қамтылады

14 Маусым, 2014 13:32
Қызылордада ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХVІІІ көшпелі отырысы өтті. Жиында жастардың жұмыссыздық мәселеcі және «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

«Бастысы жастайынан еңбекке дағдыланған адам өмірде өз орнын таба алады. Ал «Жасыл ел» мен «Студенттік құрлыс» жасағы білім мен еңбекті ұштастыруға таптырмас құрал», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Аймақ басшысы республика бойынша алғашқылардың қатарында өңірімізде жастар саясатын дамыту бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» қабылданғанын атап өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сондай-ақ, маргинал жастармен жұмыс жасау механизмі жасалды. Салааралық іс-қимыл жоспары бекітіліп, әрбір жастың қоғамда өз орнын табу үшін әлеуметтік лифті қалыптастырылуда.

Елбасы тапсырмасымен 2005 жылдан бері «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс жасауда. Оған қоса, «Студенттік құрылыс» еңбек жасағы құрылды. Бұл, өз кезегінде жастарды еңбекке баулуға үлкен мүмкіндік.

Барлық жаңалықтар