• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қатон-Қарағай» мен «Ақжайық» ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар атағына ие болды

«Қатон-Қарағай» мен «Ақжайық» ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар атағына ие болды

14 Маусым, 2014 13:02
ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАБ) Халықаралық үйлестіру комитетінің 26-сессиясының шешімімен қазақстандық екі табиғи резерваттарға «ЮНЕСКО биосфералық резерваты» Халықаралық мәртебесі бекітілді, олар: «Қатон-Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералық аумағы.

ЮНЕСКО халықаралық сарапшылары Қазақстан Үкіметінің, МАБ Ұлттық комитетінің және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының аталған номинацияларды пысықтаудағы күш-жігерін өте жоғары бағалады.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда 4 ЮНЕСКО биосфералық резерваты жүзеге асырылуда. Қорғалжын және Алакөл номинациялары 2012-2013 жж. ЮНЕСКО биосфералық резерваттары мәртебесін алды. 

Сессия жұмысы барысында МАБ Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы Р.В. Ященко МАБ ЮНЕСКО вице-президенті болып сайланды, бұл өз кезегінде ЮНЕСКО жүйесіндегі Қазақстанның белсенді рөлін куәландырады, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады. 

Барлық жаңалықтар