Аймақтардан келген прокурорлар шешендік өнерін үйренуде

15 Маусым, 2014 10:00
Бас прокуратура Институтының ұйымдастыруымен кадр резервінде тұрған прокурорларды одан ары қызмет бойынша алға ілгерілету мақсатында оларды кәсіби қайта даярлау курстары жүргізілуде.

Қайта даярлау курстары Елбасының құқық қорғау жүйесін жаңғырту керек деген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен, бүгінде екі күнге созылған және мемлекеттік қызмет пен құқық қорғаушыларға бағытталған «Шешендік өнер» тренингі аяқталуда. Бұдан басқа, бағдарлама бойынша ұжымды басқару, менеджменттің заманауи негіздері және басқа да жоғары білікті маманға қажетті қабілеттер үйретілді.

Айта кетерлік жайт, «шешендік өнер» тренингін осы салада танымал жетекші маман Меруерт Жүнісбек жүргізді. Жалпы, біліктілігін 25 болашақ және жұмыс істеп жүрген прокурорлар жетілдіретін болады. 

Барлық жаңалықтар