• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының медицина қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілті табысталды

Ақмола облысының медицина қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілті табысталды

14 Маусым, 2014 11:33
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин медицина қызметкерлері күні қарсаңында аудандық ауруханалардың бас дәрігеріне 7 арнайы қондырғылармен жабдықталған автокөліктің кілтін табыс етті.

Мұнан соң аймақ басшысы медицина қызметкерлері күніне орайластырылған мерекелік шараға қатысып,  жыл қортындысы бойынша денсаулық саласынының дамуына үлес қосып, үздік атанған 24  дәрігерді алғыс хаттармен орденмен марапаттады.

«Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі.Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне осы күні күнделікті адамзаттың денсаулығын күтіп баптауда жасаған ұшан теңіз еңбегі үшін алғысымды білдіремін»,-деді аймақ басшысы. 

Айта кетейік, облыс түрғындарына 12 мыңнан астам медицина қызметкері  633 емдеу мекемесінде  медициналық көмек береді. Жыл сайын елімізде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы артуда, мәселен биыл өңірде 14 емдеу мекемесі күрделі жөндеуден өткізіледі. 

 

Барлық жаңалықтар