- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанайда «Елдің күші - бақытты отбасы» жобасы іске қосылады
Қостанайда «Елдің күші - бақытты отбасы» жобасы іске қосылады
Жоба әркімге түсінікті отбасы құндылықтары негізінде аулалар қоғамдастығын жаңғыртуға және жергілікті қоғамдастықтың мәселесін шешуге белсенді қатысатын шағын социум моделін түзуге бағытталған.
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы хабарлағандай, бұл мақсатта осы жылдың маусым-тамыз айларында Қазақстанның әр түкпіріндегі қалалардағы 65 ауланың тұрғындары түрлі шараға қатысып, елге еңбегі сіңген бапкерлердің, спорт шеберлерінің шеберлік дәрістерін үйреніп, ел ішіндегі табысты әрі атақты адамдармен кездеседі.
Жаз бойына қозғалыс белсенділерінен іріктелген еріктілер облыс орталықтарында және Алматы мен Астана қалаларында балалар ойындарын, отбасылық байқаулар ұйымдастырады. Барлығы жоба барысында балалар мен ата-ана арасында 700 астам шара өткізу көзделіп отыр.
«Қазақстан-2050» бұл халқы бай әрі бақытты өмір сүретін бақуатты ел. Бүгінде біз «Қазақстан-2050» Стратегиясында көзделген дәл осындай мемлекетті құрып жатырмыз, келешекте дәл осындай мемлекетте өмір сүреміз. Бұл үшін біздің балалар жан-жақты дамуы керек, ал ересектер оларға көмектесуі керек. Бұл үшін маңыздысы, біздің халық өз отбасын нығайтып, өзара достасып, ортақ түйткілдердің түйінін бірігіп шешіп, өмірді жақсы жағына қарай өзгертуге тырысуы маңызды. Біздің жоба осыны көздейді. Атап өтетін жәйт, біздің қала аулаларына жан бітірейік деген ниетімізді қолдаған жандар өте көп болды. Біздің қатарымызға осы жазда балалармен ойнайтын, отбасылық байқаулар ұйымдастыратын, түрлі тақырыпқа жасөспірімдермен сөйлесетін жүздеген еріктілер қосылды. Ол тақырыптардың арасында отбасын жоспарлау, мамандық таңдай білу сияқтылар бар. Біз Қазақстан өмір сүруге қолайлы мемлекет болуы үшін Стратегияны орындауда кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу туралы айтып беретін боламыз”, - деп атап өтті «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Кеңес төрағасы Данат Жұмин.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы