Моноқалаларды дамыту аясында Степногорде жол жөндеу басталды

14 Маусым, 2014 10:00
Моноқалаларды дамыту аясында Степногорде 25 мың шаршы метр жол жөнделеді.

Жөндеу жұмыстары бірқатар жол учаскелерінде жүргізіліп жатыр, сондай-ақ, тағы жөндеуді қажет ететін жол учаскелерін анықтау жалғасуда.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат Степногор жолдарын жаңғыртуға жұмсалады. Тұрақты қадағалауға алынған. Қоғамдық мамандардан жиналған комиссия құрамы Целиноград және Славск көшелерінің жолдарын жөндеуді қадағалауды аяқтады. 

Барлық жаңалықтар