Астана күніне орай «Әлем» атты балеттің тұсаукесері өтеді

13 Маусым, 2014 17:01
2014 жылдың 27 маусымында Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының репертуарындағы тұңғыш үлкен тұрпаттағы қойылым – «Әлем» атты бір актілі бірегей балеттің тұсаукесері өтеді.

Бұл шара Астана күнін мерекелеу ауқымында жүзеге асады. Қойылымның қоюшы- хореографы белгілі ресей балетмейстері Никита Дмитриевский.

Халықтық және заманауи хореографияның классикалық дәстүрлері мен ең соңғы үрдістерін шебер біріктіре білген бірегей «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы 2012 жылдың күз айында құрылды. Театр Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке ұсынысы бойынша ашылды, деп Астананың 16 жылдығын мерекелеуге арналған  ұйымдастыру медиа-штабы хабарлады.

«Біздің идеяларымызды жүзеге асырып және өзіндік қолтаңбасын енгізе алатын хореографты іздеу ұзаққа созылды. Көркемдік басшылықтың таңдауы біздің пайымдауымызша, қазіргі замангғы ең тартымды балетмейстерлердің бірі, мәскеулік хореограф Никита Дмитриевскийге түсті. Бізге даму, жаңа формалар мен бағыттарды байқап көру, көрерменмен әркімге ұғынықты, дей тұрғанмен де қазақ халқының өзіндік ерекшелігін айқындайтын заманауи би тілімен тілдесу маңызды»,-деп түсіндіреді жаңа қойылымның негізгі мақсатын Күзембаев мырза.

Никита Дмитриевскийдің соны хореографиясы өзекті әлемдік тенденциялар және қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің нәзік, сезімтал синтезіне айналды.

Барлық жаңалықтар