• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Жақыпов Н. Назарбаевтың Азияда қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйым құру идеясын қолдауға ұсыныс жасады

Қ. Жақыпов Н. Назарбаевтың Азияда қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйым құру идеясын қолдауға ұсыныс жасады

13 Маусым, 2014 15:58
Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 5-пленарлық отырысында сөз алған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов бірқатар ұсыныстарды алға тартты.

«Аталған ұйым Азия кеңістігіндегі бейбіт даму үдерісін қамтамасыз етуде маңызды құралдардың біріне айналары сөзсіз. Сондықтан біздің Ассамблеяның осы бастаманы қолдап, өз ұсынысын енгізетініне сенім зор»,-деді Қ. Жақыпов.

Мәжіліс Спикері сондай-ақ, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия елдері парламентшілерінің түркітілдес елдер жастарының білім саласына қатысты көтерген сұрақтарына да назар аударды.  

Қабиболла Жақыпов, ТүркПА ықпалын одан әрі күшейтудің маңыздылығын сөз ете келіп:  

«Біздің елдеріміз парламенттері ынтымақтастығының ұзақмерзімді стратегиясы қажет. Осы жолда «Түркітілдес елдер парламенттері ынтымақтастығын дамытудың жол картасын» әзірлегеніміз жөн болар еді. Онда көпжақты ынтымақтастықтан басқа, біздің заңнамаларымызды одан әрі үйлестіруге бағытталған жеке тараулар болады»,-деді Мәжіліс Төрағасы.    

Барлық жаңалықтар