ШҚО-да жерлестер форумына қатысушылар 36 жобаны жүзеге асыруда

13 Маусым, 2014 15:49
Туған өлкелерінің гүлденуіне ат салысуға ниетті Шығыс Қазақстан облыстық жерлестер форумы қатысушыларымен 36 меморандум түзіледі. Жобалардың жалпы құны 6,5 млрд теңгеден асады.

Өскеменде жерлестер форумы басталды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелдің 70-тен астам өкілі қатысады. Қатысушылар арасында ресми тұлғалар, жоғары лауазымды шенеуніктер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен кәсіпкерлер бар.

Форумға ҚР Парламенті Сенаты депутаты, қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова да қатысады. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы болмаса да аталмыш шараға қатысуға ниет еткен, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

«Өзінің туған жерін сүйе алмаған адам өз елінің патриоты бола алмайды. Бүгінгі шараның адамгершілік пен қоғамдық өмір құндылықтарын игеруде берері мол», - дейді Бірғаным ханым.

ШҚО тумаларының 36 жобасының ішінде спорттық-сауықтыру кешені, тұрмыстық химия зауыты, туристік демалыс аймағы, кірпіш зауыты мен өзге де нысан құрылыстары бар.

Барлық жаңалықтар