• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мен Бас прокуратура бизнестің жүйелік проблемаларын шешу жолдарын талқылайды

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мен Бас прокуратура бизнестің жүйелік проблемаларын шешу жолдарын талқылайды

15 Қаңтар, 2013 00:00
Ертең, 16 қаңтарда сағат 11:00-де ҚР Бас Прокуратурасында «Атамекен» және бизнестің қоғамдық ұйымдары басшыларының қатысуымен кәсіпкерлік мәселелері жөнінде ҚР бас прокурорының орынбасары А.Н.Кравченконың облыстық прокурорлармен бірлескен бейнеконференциясы өтеді, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының баспасөз қызметі.

Бейнеконференцияға ҚР бас прокурорының орынбасары А.Н.Кравченко, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басшылары, аймақтық прокурорлар мен бизнестің қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысады. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жиналыста бизнесмендердің жеке арыз-шағымдары мен жолдаулары негізінде кәсіпкерлердің жүйелік проблемаларын шешу жолдарын талқылау мен дайындау жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар