• Басты
  • Жаңалықтар
  • Инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған заң инвесторлардың сенімін арттырады - Куртис Мастерс

Инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған заң инвесторлардың сенімін арттырады - Куртис Мастерс

13 Маусым, 2014 15:12
Инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған заң инвесторлардың сенімін арттырады, деп мәлімдеді «Baker & McKenzie» компаниясының Алматы қаласындағы филиалының директоры Куртис Мастерс strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Президент Н.Назарбаев инвестициялық климатты жақсарту үшін мақсатты саясат жүргізуде. Ол шетелдік инвесторлар кеңесін құрып, олармен жылына бір рет кездесу өткізеді. Осылайша Елбасы олармен тікелей байланысып, олардың көкейінде жүрген мәселелерді өз ауыздарынан естиді. Сонымен қатар, мәселені өзара тиімді шешуге мүмкіндік береді», - деп Куртис Мастерс атап өтті.

Сонымен қатар ол, Қазақстанда инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған заңға дер кезінде қол қойылғанын атап өтті.

«12 маусымда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысы өте пайдалы болды. Президент инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған заңға қол қойды. Бұл шаралар инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттырады. Осы ретте салық режимін ерекше атап өтуге болады», - деп Куртис Мастерс түйіндеді.

Барлық жаңалықтар