- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Мәдениет және өнер істері ұлттық кеңес құрылады
Қазақстанда Мәдениет және өнер істері ұлттық кеңес құрылады
«Мәдениет және өнер істері ұлттық кеңесін құру туралы ұсыныс бар. Кеңес мәдениет саясатын жүзеге асыру барысында келісетін және пікір алмасатын негізгі орган болады. Ол сурет, театр, концерт, цирк өнері, киноөндірісі, мұражай ісі, әдебиет кеңестерінің жұмыстарын үйлестіреді», - деді А.Мұхамедиұлы.
Сонымен, аймақтық және республикалық құрылымдармен байланыс аясында көркемдік кеңес құру ұсынылуда. «Бүкіл әлем бірлестіктер арқылы алға жылжып келеді. Ал, Қазақстанда мұндай байланыс жоқ. Көркемдік кеңес ол бірыңғай репертуарлық, кадрлық, гастролдік саясатты құруда қажет», - деді ол.
Сонымен қатар, Мәдениет министрлігі барлық шығармашылық оқу орындарын бірыңғай білім беру жүйесін құру мәселесін қарастыруда, деп ол атап өтті.
«Мәдениетті дамыту үшін шығармашылық оқу орындары интеграциялануы керек. Барлық жетекші мемлекеттерде бүкіл оқу орындары бір салалық ведомствоға қарайды», - деді министр.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау