• Басты
  • Жаңалықтар
  • Малайзия Қазақстанның малайзиялық инвесторлар үшін визаны алып тастауын қолдайды - елші

Малайзия Қазақстанның малайзиялық инвесторлар үшін визаны алып тастауын қолдайды - елші

13 Маусым, 2014 14:23
Малайзия Қазақстанның малайзиялық инвесторлар үшін визаны алып тастауын қолдайды, дейді Малайзия елшісі Дато Хидаят Абдул Хамид Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиевпен кездесу барысында.

Тараптар туризм саласында ынтымақтастық құру мен инвестиция тартуға қызығушылықтарын білдірді. 2005-2013 жылдары аралығында Малайзиядан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестиция ағымының көлемі 4,7 млн долларды құрайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Кездесуде мемлекеттік-жеке меншік негізінде инфрақұрылымдық жобалар мен ЭКСПО-2017 қарсаңында әлемдік деңгейдегі ірі қонақ үй кешендері мен әлеуметтік нысандар құрылысы жобаларын бірлесе іске асыру мүмкіндіктері қаралды», - дейді Марат Иғалиев.

 

Барлық жаңалықтар