• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанға СЕН-СЕНЭЛЕК толық құқылы серіктес-органының мәртебесі берілді

Қазақстанға СЕН-СЕНЭЛЕК толық құқылы серіктес-органының мәртебесі берілді

13 Маусым, 2014 13:32
Стамбұлда Еуропалық стандарттау комитетінің 41-ші Бас ассамблеясының және Еуропалық стандарттау электртехникалық комитетінің 54-ші Бас ассамблеясының отырысы өтті. Ауқымда шарада Қазақстанға, дәлірек айтсақ ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне СЕН –СЕНЭЛЕК толық құқылы серіктес-органының мәртебесі берілді.

СЕНЭЛЕК президенті Торе Торндволд атап өткендей, Қазақстан СЕНЭЛЕК  толық құқылы серіктес-орган мәртебесін алған бірінші, ал СЕН толық құқылы серіктес-орган мәртебесін алған төртінші мемлекет.

ҚР ИЖТМ Техниникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешов Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде аталмыш саладағы ынтымақтастығымыз нәжижелі болатынына сенім білдірді, деп ҚР ИЖТМ хабарлады.

Сонымен, еуропалық стандарттардың базасына қолжетімділік отандық тауар өндірушілерге еуропалық техникалық стандартқа тез бейімделуге және инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Оның үстіне бұл серіктестік отандық өндіріс өкілдеріне СЕН-СЕНЭЛЕК  техникалық реттеу комитетінің жұмысына қатысуға және  еурапалық стандарттарды жасақтауға атсалысуға  мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар