- Басты
- Жаңалықтар
- Мамандандырылған ХҚКО қызметі Ахуалдық орталық арқылы бақыланады
Мамандандырылған ХҚКО қызметі Ахуалдық орталық арқылы бақыланады
Ахуалдық орталық қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінің жұмысын бақылап отырады. Атап айтқанда, орталыққа келген клиенттердің кезек күту уақыты, оларға қызмет көрсету уақыты, берілген жүргізуші куәліктерінің саны, клиенттердің ХҚКО инспекторының қызметіне берген бағасы - барлығы бақылауға алынған.
Аталған жүйе ХҚКО-ның және Әкімшілік полиция қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті белгіленген уақытында көрсетуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Егер қызмет көрсету уақыты ХҚКО қызметкерінің тарапынан кешіктірілген болса, мұндай жағдайда қызметкерге тәртіптік шара қолданылатын болады, деп ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде кешіктірілген құжат саны айтарлықтай азайды. Бүгінде бұл көрсеткіш барлық рәсімделген құжат санының 5% нан аспайды, ал өткен жылдың аталғн мерзімінде бұл көрсеткіш 27% ды құраған еді.
Айта кетейік, бүгінгі күні Ахуалдық орталыққа 162 Халыққа қызмет көрсету орталығы, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларындағы мамандандырылған ХҚКО қосылған. 2014 жылдың соңына дейін Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында мамандандырылған ХҚКО іске қосу көзделуде.
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы