РФ Сбербанкі ҚТЖ инфрақұрылымын дамытуға 3,6 млрд доллар инвестициялайды

13 Маусым, 2014 10:15
АҚ ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысы аясында көлік-логистикалық инфрақұрылым мен терминалдық желіні дамыту бойынша ұлттық компания жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру туралы меморандум жасасты.

Меморандум пәні МЖС сферасындағы қаржыландыруды ұйымдастыру болып табылады; ҚТЖ компаниялар тобының жобаларын сүйемелдеу және қаржыландыру, деп ұлттық компанияда хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, бұл жобалар көлік-логистикалық инфрақұрылым мен ішкі және сыртқы терминалдық желіні дамытуға бағытталған. Бұл жобаларды жүзеге асырудың алдын ала құны шамамен 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды.

Меморандум ҚТЖ Сбербанкімен транзакциялық бизнес пен сауда қаржыландыру бойынша қызмет көрсетуді қарастырады.

«Қазақстанды индустрияландырудың екінші кезеңін жүзеге асыруда экономиканы аудандастырудың ауқымды тапсырмалары ірі көлемдегі инвестицияны қажет етеді. Мұндай қадамға Жинақ банкі дайын. Мемлекеттік-жеке серіктестік, мемлекеттік компания, жеке меншік құрылымдармен жаңа тұрпаттағы әріптестік орнатуға ынталымыз», -  деп атап өтті Герман Греф.

Барлық жаңалықтар