- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Н. Назарбаев Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Келісімдер «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ЭНИ С.п.А.» компаниясы арасында Исатай геологиялық барлау жобасын және кеме жасау/кеме жөндеу зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы , Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Ивеко С.п.А.» және «Аллюр Групп» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум бойынша жүргізілді.
Қол қою рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Италиямен қарым-қатынастары көптеген бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
«Италия – Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық экономикалық серіктесі. Қазақстандық жалпы сыртқы тауар айналымының 13 пайызы осы елдің үлесіне тиеді. Италиялық инвестициялардың біздің экономикадағы жалпы көлемі 6,5 миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар, Италия қазақстандық мұнайдың ірі тұтынушысы да болып табылады», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Италияның Еуропалық одаққа алдағы төрағалығына Қазақстан үлкен үміт артатынын, өйткені біздің ел онымен кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қоюға дайындалып жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде М.Ренци италиялық компанияларға Қазақстанда көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылығын білдірді және елімізді алдағы уақытта ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізетіндігімен құттықтады.
Италия Премьер-Министрі қазақстандық экономика үшін «Эни» компаниясының инвестициялары маңызды мәнге ие екендігіне тоқталды және италиялық «Фиат», «Италчименти» және «Финмекканика» компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытады деп үміттенетінін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады