• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасымен кездесті

Елбасы «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасымен кездесті

13 Маусым, 2014 09:05
Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесті.

Ақордада хабарлағандай, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту,  соның ішінде осы «Тойота» маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады.

«Тойота Мотор Корпорэйшн» - автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады. 

Барлық жаңалықтар