• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев пен «Шелл» концернінің директоры елдегі мұнай саласының дамуын талқылады

Н. Назарбаев пен «Шелл» концернінің директоры елдегі мұнай саласының дамуын талқылады

13 Маусым, 2014 09:12
Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында елдің мұнай және газ саласын әрі қарай дамыту және негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Түрлі энергетикалық және мұнай-химиялық кәсіпорындарды біріктіретін "Шелл" халықаралық концерні Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып саналады. 

Барлық жаңалықтар