ДСМ жанында Жастар істері жөніндегі кеңес құрылды

12 Маусым, 2014 18:49
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Жастар істері жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтіп, оған «Нұр Отан» ХДП жастар қанаты «Жас Отан», Қазақстанның жастар конгресі, «Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтарының республикалық штабы сияқты жастар ұйымдарының жетекшілері, медицина университеттері студенттік кеңестерінің өкілдері, сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары қатысты.

Кеңес отырысында жастардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға мемлекет көп көңіл бөлетіні атап көрсетілді. Бұл мақсатта республика бойынша Жастардың денсаулық орталықтарының желілері дамытылуда. Бүгінгі таңда республика бойынша 83 Жастардың денсаулық орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Еріктілік, қолжетімділік, ізгіниеттілік және сенім сияқты 4 «Д» қағидаттарына негізделген бұл орталықтар кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетеді. Тек 2013 жылдың ішінде Жастардың денсаулық орталықтарына 227 мыңнан аса адам жүгінген, деп денсаулық министрлігінде хабарлады.

Жастар ұйымдарының жетекшілері өз кезегінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, бұл салада ақпараттық-насихат жұмыстарының жеткіліксіздігіне назар аударды.

 

Барлық жаңалықтар