• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік сатып алу саласында ТМД-дағы алғашқы электрондық шартқа Қазақстанда қол қойылды

Мемлекеттік сатып алу саласында ТМД-дағы алғашқы электрондық шартқа Қазақстанда қол қойылды

12 Маусым, 2014 19:08
Кеше, 2014 жылғы 11 маусымда мемлектік сатып алу саласында ТМД-дағы алғашқы электрондық шарт жасалды. «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС Л.Н. Рембе ЖК-мен жалпы сомасы 492 800 теңге келісімшартқа қол қойды.

Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор «Электрондық коммерция орталығы» тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша мәмілелер жасасуға мүмкіндік беретін функционалды іске асырды, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Енді шарттарды құру, келісу және жасасу рәсімдерінің барлығы «Электрондық мемлекеттік сатып алу» порталында тікелей жүргізіле алады. Электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады және қағаз құжатпен маңызы дәлме-дәл келеді.

Электрондық шарттарды енгізу «Электрондық коммерция орталығының» бас мақсаты - мемлекеттік сатып алу процесін толық автоматтандыруға жету жолындағы басымды міндеттердің бірі. Бұдан әрі жүйені Қазынашылық комитетімен интеграциялау жоспарлануда. 

Барлық жаңалықтар