Республикалық санавиация орталығы ШҚО дәрігерлеріне тікұшақ берді

12 Маусым, 2014 19:21
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Республикалық санавиация орталығы Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлеріне тікұшақ берді. Семейде ШҚО әкімі Б. Сапарбаев Медицина қызметкерлерінің күніне орай MD 600 тікұшағының кілтін табыстады.

«Тікұшақ арнайы медициналық қондырғылармен жабдықталған. Ол жедел медициналық көмек көрсетуге септігін тигізеді», - деді Семей қаласының санитарлық авиация жетекшісі Нажия Пронина.

Кеше ғана дәрігерлер тікұшақпен 2 пациентті тасымалдады. Ал Абай ауданының 28 жасар тұрғыны жедел ем көрсетуге байланысты аман қалды. Жас  жігітте инсульт болған. Егер де науқасты дер кезінде ауруханаға жеткізбесе, өмірімен қош айтысар еді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Айта кетерлігі, аталмыш тікұшақтың бір рет аспанға көтерілуі мемлекеттік қазынаның 1 млн-на тиесілі. Алайда, адам өмірі республикамыздағы барлық құндылықтан жоғары. 

Барлық жаңалықтар