- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінің заң жобасына енген өзгертулер талқыланды
Астанада мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінің заң жобасына енген өзгертулер талқыланды
12 Маусым, 2014 15:33
Бүгін партиялық жоба «Кедергісіз келешек» аясында сарапшылар тобы ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасын талқылады. Шара барысында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері аталмыш жобаны таныстырды.
«Ертеректе жазылған заңдар бүгінгі заман талабына жауап бере алмайды. Сондықтанда біз аталмыш заңға мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыру мақсатында өзгертулер мен толықтыруларды қарастырудамыз»,- деді Қазақстанның мүгедектері конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда жарымжан жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі өз шешімін таппай отыр.
«Егер, орташа және ауыр деңгейдегі кембағал жандар туралы айтатын болсақ, олар мүлдем шетте қалып қояды»,- деп Ж. Омарбекова ағынан жарылды.
Айта кетерлік жайт, презентацияның қорытындысы бойынша сарапшылар тобы өз ұсыныстарын береді. Ал, олар заңжобасы бойынша жұмыстар аясында ескерілетін болады.
Мадина Нұрбекова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері