ШҚО-да М.Әуезовтің кейіпкеріне ескерткіш орнатылмақшы

14 Тамыз, 2013 00:00
Сенат депутаты Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысындағы шығармашылық қауыммен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысындағы шығармашылық қауыммен кездесіп, М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің кейіпкерін еске алу кешіне қатысты. Шараға қатысушылар басты кейіпкердің құрметіне ескерткіш қоюға ниет білдірді», - деп көрсетілген хабарламада.

Одан басқа сенаторлар Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов және Ермек Жұмабаев Павлодар облысы, Лебяжі ауданындағы Аққу ауылында өткен ұлы ойшыл Абайдың туғанына 168 жыл толуына арналған шараға қатысты. 

Барлық жаңалықтар