ЕАЭО шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашады – Н.Назарбаев

12 Маусым, 2014 14:35
Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстандағы шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады, деді Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-інші пленарлы отырысының ашылуында.

«Көптеген елдерде тұрақсыздық орын алғанда, инвестициялық климаттың бұзылған жағдайында Қазақстанда экономикалық одақ шетелдік инвесторға жаңа мүмкінідктер ұсынып отыр», - дейді Нурсултан Назарбаев.

Оның айтуынша, Еуразиялық одақтың құрылуы еркін қатынасқа барынша қолайлы жағдай жасап отыр.

«Одаққа мүше үштіктің экономикасы 2,3 трлн долларды құрайды – бұл дегеніңіз бірыңғай ережемен жұмыс істейтін, тауар, жұмыс күші, қызмет пен капиталдың еркін алмасуына жол ашатын 170 млн адамды құрайтын бірыңғай нарық. Бұл өз кезегінде инвесторларға да пайдалы. Барынша төмендетілген салық пен инвесторлармен тұрақты байланысқа жол ашқан еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа шығатын бірден бір мемлекетке айналып отыр», - дейді Елбасы. 

Барлық жаңалықтар