Павлодар облысында «Балапан» бағдарламасы аясында 41 балабақша ашылды

4 Қыркүйек, 2013 00:00
Павлодар облысында «Балапан» бағдарламасы іске қосылған үш жылда 12,5 мың орынға арналған 41 балабақша ашылды, деп мәлім етті Павлодар облысы әкімшілігі білім беру басқармасы бастығының орынбасары Гүлжан Қадырбаева.

«Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бері Павлодар облысында 4 жаңа балабақша салынып, 37 балабақша қайта қалпына келтірілді, мектепке дейінгі балалар үшін 131 шағын орталық ашылды. Пайдалануғ берілген орындардың жалпы саны 12,5 мыңға тең», - деді Г.Қадырбаева. 

Нәтижесінде, Павлодар облысына қарасты 13 қала мен аудандардың 10-ы «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын орындады. Аймақта 3 пен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту аумағы 64%-дан 99,7%-ға, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар бойынша 51%-дан 69,7%-ға өсті. 

«2013 жылы аймақта мектепке дейінгі мекемелерде тағы да 1239 орын ашу жоспарланып отыр. Соның негізінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту аумағын 100%-ға, 1 мен 6 жас аралығындағы балалар бойынша 72,4%-ға жеткізуге мүмкіндік туады», - деді білім беру басқармасы бастығының орынбасары. 

Барлық жаңалықтар