- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО Маңғыстау үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда – Ш.Ілмұханбетова
ЕАЭО Маңғыстау үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда – Ш.Ілмұханбетова
12 Маусым, 2014 13:05
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова Еуразиялық экономикалық одақтың Маңғыстау облысына жаңа мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеді.
«Бүгінге дейін облыстың 29 өңдеуші кәсіпкерлігі негізінен Қазақстанның ішкі нарығына тауар сатып келді. Біздің өңір шекаралас облыс ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жерден Шығыс Еуропа мен Орта Азия және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағымен жалғайтын ТРАСЕКА мен «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық транспорттық дәлізі өтеді.
«Айта кету керек, темір жол мен автокөлік байланысы трансконтиненттік тасымалдың негізі болып табылады. Біздің өңір арқылы өтетін транзиттік жүк айналымының көлемін арттыру мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр», - дейді әкім орынбасары.
Мадина Нұрбекова
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты